21 Мамыр 2025
Страницы KZ КГУ Саржансайская общеобразовательная средняя школа

Хабарландыру

Міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар

Міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар ҚР БҒМ 14.01.2016 ж. №26 бұйрығымен регламенттелген. 2025-2026 оқу жылында қолданыстағы бұйрық басшылыққа алынады.

Міндетті мектеп формасы оқытудың зайырлы сипатына сәйкес келеді.

Мектеп формасының фасонын таңдауды және юбканың ұзындығын бекітуді білім беру ұйымдары мен кеңес (қамқоршылық кеңесі, ата - аналар комитеті, мектептегі өзін - өзі басқару) айқындайды. Жалпымектептік ата - аналар жиналысының хаттамасымен бекітіледі.

Мектеп формасына өзгерістер енгізу туралы шешім кеңеспен (қамқоршылық кеңесі, ата - аналар комитеті, мектептегі өзін - өзі басқару) келісу арқылы қабылданады.

Мектеп формасына қосуға рұқсат етілмейді және киюге тыйым салынады:

- жарақаттайтын фурнитурасы бар киім мен аксессуарлар;

- түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтері. 


2025 жылғы мамырында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңестің қолдауымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!» атты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнаманың кезекті жыл сайынғы халықаралық жастар байқауы басталды.

Байқауға қатысуға 10 пен 25 жас аралығындағы жастар шақырылады, олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы өз идеялары мен көзқарастарын, сондай-ақ оның рөлі мен осы бағыттағы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын көрсете отыра, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!» тақырыбында конкурстық жұмыстар дайындауға шақырылады.

Халықаралық конкурстың ережелері https://www.anticorruption.life/ ресми сайтында қолжетімді, ол арқылы байқаудың екі номинация – «Үздік постер», «Үздік сүрет» және «Үздік бейнеролик» бойынша жұмыстар а.ж. 1 қазанына дейін қабылданады.

Еліміздің қатысушыларымен дайындалған конкурстық жұмыстарды іріктеу Агенттікпен құрылатын Ұлттық конкурстық комиссиясымен жүзеге асырылады.

Конкурстың қорытындысын шығару Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне (а.ж. 9 желтоқсан) орай жоспарлануда.

Конкурсқа қатысуға шақырамыз! 

Жаңалыктар